Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы Ақермен ауылы «Ғаббас» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Бас имам Ақермен ауылындағы Алланың үйі мешітпен және мешіт қызметкерлерінің жағдайын көріп, тыныс тіршілігімен, жүріп жатқан жөнду жұмыстарымен,мешіт жанынан бой көтеріп жатқан құрылыс нысандарымен танысып, ауыл имамына бір қатар тапсырмалар беріп, жоспарларымен бөлісіп қайтты.
Мешіттің ішкі-сыртқы тазалықтарына мән беріп, мешітке келген халықпен сыпайлық танытып, мәміле жасау керектігін атап өтіп, жүріп жатқан құрылыс жұмыстарына береке тіледі.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



27 Қараша 2025
6 Джумада-сани 1447

