Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдардың жақсысы – адамдарға көбірек пайдасы тигені», – деп өсиет еткен. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылындағы «Ұлан» мешітінің имамы Қанат Оразалиевтың ұйымдастыруымен тұрмысы төмен және мұқтаж отбасыларға азық-түлік қоржындары таратылды.
Ізгі іске атсалысқан барша жамағаттың садақалары қабыл болып, жасаған жақсылықтары өздеріне еселеніп қайтсын. Қайырымдылық шаралары ел ішінде игілік пен мейірімділікке жол аша берсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



27 Қараша 2025
6 Джумада-сани 1447

