#Мойынқұм: Мыңаралда рухани тұрақтылық пен тәрбие мәселесі талқыланды

#Мойынқұм: Мыңаралда рухани тұрақтылық пен тәрбие мәселесі талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мыңарал ауылының «Шалғынбайұлы Бейсенбай» мешітінің имамы Нұрдос Нұрғазыұлының жетекшілігімен өткен жиналыс ауыл өміріне қатысты бірнеше маңызды мәселені қамтыды. Күн тәртібіне шығарылған тақырыптар қоғамның қауіпсіздігі мен жастар тәрбиесіне бағытталды.

Жат ағымның алдын алу – ортақ міндет

Дін маманы халықпен жүздесу барысында қоғам тыныштығы ең алдымен дұрыс діни білімнен басталатынын ерекше атап өтті. Жастардың ғаламтордағы кез келген ақпаратқа сене бермей, бағыт-бағдарды сенімді ұстаздардан, мешіт имамдарынан алуы қажеттігі айтылды. «Білімсіздік – адасуға бастайтын жол, ал дұрыс тәлім – қоғамға айналған қорған» деп имам, қауіпті ағымдардың алдын алу үшін ата-ана мен ұстаздар қауымының бірлесе жұмыс істеуін ұсынды.

Жастарға арналған рухани семинарлар ұсынылды

Жиналыста жастардың бос уақытын тиімді өткізу мәселесі де басты назарда болды. Алдағы уақытта мотивациялық кездесулер, рухани-тәрбиелік семинарлар, ашық сұрақ-жауап алаңдарын ұйымдастыру жөнінде ұсыныс білдірді. Мұндай шаралар жас буынның ой-өрісін кеңейтіп, өмірлік бағытын айқындауға сеп болмақ. «Мақсат — жаны таза, санасы ояу, имани деңгейі биік ұрпақ тәрбиелеу» деді өз сөзінде дін қызметкері.

«Ішімдіксіз ауыл» бастамасы көтерілді

Жиын барысында ауыл тыныштығы мен қоғамдық тәртіпке әсер ететін зиянды әдеттердің алдын алу мәселесі де қозғалды. Имамның айтуынша, ішімдік пен жағымсыз әрекеттерден алыс жүру — ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі. «Таза орта — тәрбиелі ұрпақтың негізі. Бүгінгі түзілген тәртіп — ертеңгі жақсы қоғамның кепілі» деген имам ауыл тұрғындарын ортақ жауапкершілікке шақырды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: