Меркі: Мешіт ұжымы ауыл әкімшілігімен бірге 23 шырша ағашын отырғызды

Меркі: Мешіт ұжымы ауыл әкімшілігімен бірге 23 шырша ағашын отырғызды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауылдың экологиялық ахуалын жақсарту және көгалдандыру жұмыстарын күшейту мақсатында «Жарас ата» мешітінің имамы Коктал Мадияр бастаған мешіт  ұжымы мен жамағаты  ауыл әкімшілігімен бірлесе отырып, қоршаған ортаға пайдалы бастама жасады. Бірлескен игі шара аясында 23 түп шырша ағашы отырғызылып, ауылдың көркіне көрік қосудың кезекті қадамы жүзеге асты.

Шараға мешіт қызметкерлері, ауыл әкімдігі қызметкерлері, ерікті жастар мен жамағат өкілдері белсене қатысып, көшеттерді отырғызу барысында ұйымшылдық пен жауапкершілік танытты. Табиғатты аялау, жасыл желекті көбейту – әрбір азаматтың ортақ міндеті екені айтылды.

Жиын соңында қатысушыларға алғыс айтылып, көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатыны атап өтілді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: