Меркі: «Жастар руханият – шамшырағы» тақырыбында рухани кездесу өтті

Меркі: «Жастар руханият – шамшырағы» тақырыбында рухани кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жүніс молда» мешіті жастарының  бойында ұлттық құндылықтар мен діни сананы нығайтуға бағытталған  «Жастар руханият – шамшырағы»  атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Шараға мешіт ұстазы және жастары, қатысып, өзара пікір алмасты.

Кездесу барысында мешіт ұстазы Еламан Бақытханұлы  жастардың рухани кемелденуі, білім мен тәрбие жолындағы жауапкершілік, қоғамға пайдалы болу, отбасылық тәрбие және діни сауаттылықты арттыру мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар қазіргі заман жастарының алдында тұрған сын-қатерлер мен оларды еңсерудің жолдары ортаға салынды.

Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Шара соңында жастарға игі тілектер айтылып, алдағы уақытта да осындай рухани кездесулердің жалғасатыны атап өтілді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: