Меркі: Бас имам көмек сұрап келген жанға қолдау көрсетті

Меркі: Бас имам көмек сұрап келген жанға қолдау көрсетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт – тек құлшылық орны ғана емес, сондай-ақ қоғамға қызмет ететін, мұқтаж жандарға қолдау көрсететін қайырымдылық пен ізгіліктің мекені. Осы игі дәстүрдің жалғасы ретінде аудандық мешіттің бас имамы Азамат Берікұлы көмек сұрап келген анаға қол ұшын созып, оның қызының оқу ақысын төлеуге жәрдемдесті.

Көмекке мұқтаж ана мешітке бас сұғып, отбасындағы жағдайды айтып, қызының оқуын жалғастыру үшін қаржылай қолдау қажет екенін жеткізген болатын. Жағдайды тыңдаған бас имам жауапкершілік танытып, туындаған мәселені шешуге ниет білдіріп, қажетті қаражатты мешіт тарапынан ұсынып, қыздың оқу ақысы төлеуге жәрдемдесті.

Мешіт ұжымы қайырымдылық – имандылықтың бір бөлігі екенін, мүмкіндігі бар әр азаматтың қоғамдағы әлсіз топтарға қолдау көрсетуі маңызды екенін атап өтті.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: