"Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы елімізде тиым салынған «таблиғи жамағаты» діни ағымы жайында жамағатқа кең көлемді түсіндіру жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында Ахат имам аталмыш ағымның қоғамға қауіпті жақтарын, дәстүрлі ислам қағидаларына қайшы тұстарын нақты мысалдармен түсіндіріп, жамағаттың, әсіресе жастарымыздың сауатты болуына мән берді. Мешіт жамағаты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маңызды мәселелер бойынша толық ақпарат алды.
"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.


20 Қараша 2025
29 Джумада-авваль 1447

