Тараз: «ӘКЕНІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕЛІК СҰХБАТ ӨТТІ

Тараз: «ӘКЕНІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕЛІК СҰХБАТ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы Кеңесхан қажы мешітінің әйел-қыздар шәкірттері арасында «Әкенің отбасындағы рөлі» атты мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Шараға әже-апалар, орта жастағы аналар және жас қыздар қатысып, бірнеше ұрпақ бас қосқан рухани мазмұны терең сұхбат өрбіді.

Кездесу барысында әкенің отбасыдағы негізгі міндеттері – отбасыға қорған болу, қамқорлық көрсету, асыраушы болу сынды жауапкершіліктер жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, әке тәрбиесі мен ана тәрбиесінің ерекшеліктері, олардың бала тұлғасының қалыптасуындағы орны кеңінен түсіндірілді.

Қатысушылар өзара пікір алмасып, ұлттық дәстүрдегі әке образы, Исламдағы әке міндеттері және қазіргі қоғамдағы әкенің рөлі жөнінде ой бөлісті.

Тағылымды жиын рухани тәрбиені күшейтуге бағытталған мазмұнды ойлармен аяқталып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: