Жамбыл облысына қарасты қала мен аудандардың имамдары арасында футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Шараның ашылуында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы сөз сөйлеп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен ойында имамдар өзара шеберліктерін көрсетіп, бауырмалдық пен ынтымақты нығайтты. Жарыс қорытындысында жеңімпаз командаларға кубок пен алғыс хаттар табысталды.
Додаға жалпы 12 команда қатысып, игі бастама спорт пен достықтың маңызын айқындай түсті.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



20 Қараша 2025
29 Джумада-авваль 1447

