«Һибатулла Тарази» орталық мешітінде шәкірттер арасында «Зерек жамағат» атты діни, тарихи және әдеби бағыттағы интеллектуалдық топтық сайыс ұйымдастырылды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Иманалиева шәкіттерге сәттілік тілеп, шараны ашты. Ал аталған мешіттің ұстазы Аружан шараны жүргізіп, шәкірттерін сыннан өткізді.
Сайыс барысында қатысушыларға тек діни мәселелер ғана емес, еліміздің тарихына қатысты сұрақтар, сондай-ақ ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығына байланысты тапсырмалар ұсынылды. Шәкірттер білімін жан-жақты сынға салып, топтық жұмыс пен жылдам ойлаудың жоғары деңгейін көрсетті.
Бәсекеге толы зияткерлік дода қорытындысында жеңіске жеткен топтарға арнайы сыйлықтар табысталды. Шара жастардың танымдық қабілетін арттырып, рухани әрі мәдени білімін нығайтуға септігін тигізген маңызды бастама болды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



20 Қараша 2025
29 Джумада-авваль 1447

