ТАРАЗДА «ИМАНДЫЛЫҚ ЖАРАСАДЫ ҰЛ-ҚЫЗҒА» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШ ӨТТІ

ТАРАЗДА «ИМАНДЫЛЫҚ ЖАРАСАДЫ ҰЛ-ҚЫЗҒА» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында «Анаға тағзым» отбасылық даму әлеуметтік орталығы мен Ұлы Дала кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен «Имандылық жарасады ұл-қызға» атты мазмұнды ой-толғау кеші өтті.

Шараға Кеңесхан қажы мешітінің ұстазы Зейнеп Жәдігерқызы арнайы шақырылып, студент жастарға имандылықтың адам өміріндегі орны, рухани тәрбиенің ұлттық құндылықтармен сабақтастығы жөнінде тағылымды ойларын жеткізді.
Ұстаз өз сөзінде:
«Қазақ халқының салт-дәстүрі – имандылықтың қайнар көзі. Сол дәстүрмен өмір сүрсек, руханиятымыз да, құндылықтарымыз да жоғалмайды», – деп жастарды ізгілікке, көркем мінез бен инабаттылыққа үндеді.

Кеш барысында «Тараз–Ғасыр» колледжінің 2-курс студенттері тақырып аясында өз пікірлерін білдіріп, рухани бағыттағы сұхбатқа белсенді қатысып, тәрбиелік мәні зор ойларын ортаға салды.

Маңызды басқосу жас ұрпақтың рухани дамуына, ұлттық тәрбие мен имандылық құндылықтарын бойына сіңіруіне ықпал еткен тағылымды кездесу болды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: