ТАРАЗДА ӨЗГЕ ДІН ӨКІЛІ ИСЛАМ ҚАБЫЛДАДЫ

ТАРАЗДА ӨЗГЕ ДІН ӨКІЛІ ИСЛАМ ҚАБЫЛДАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы Кеңесхан қажы мешітінде қуанышты әрі маңызды рухани оқиға болды. Рада есімді өзге дін өкілі Ислам дінін қабылдап, мешіт имамының алдында кәлима шаһадат айтты. Имам оған мұсылмандықтың негізгі шарттарын түсіндіріп, жаңа өмірге қадам басқанын атап өтті.

Мешіт ұстазы Зейнеп Усенова Рада ханымға әйелдерге қатысты діни үкімдерді түсіндіріп, орыс тіліндегі діни кітап пен орамал сыйға тартты.

Жиналған жамағат Радаға жүректен шыққан ақ тілектерін айтып, Ислам дінінің оған берекелі болуын тіледі.

Кеңесхан қажы мешітіндегі бұл оқиға – адамзатқа ортақ бейбітшілік пен рухани ізденістің тағы бір жарқын көрінісі болды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: