Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылдық «Қалқабай ата» мешітінде Серікбаев Ерман жамағатты адасқан ағымдардың азғыруынан сақтандырып, шынайы діндарлықты ұстануға шақырды.
Ерман имам уағызында: «Шынайы діндарлық – тек сөзбен емес, іспен көрінетін қасиет. Ол көп сөйлеп, өзгені сынауда емес, жамандықтан тыйылып, жақсылыққа ұмтылуда. Нағыз мұсылман – өзгеге зиян тигізбейтін, керісінше айналасына мейірім мен тыныштық сыйлайтын жан. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Нағыз мұсылман – өзгеге қолымен де, тілімен де зиян тигізбеген адам», – деген. Бұл хадис шынайы діндарлықтың өлшемін айқын көрсетеді. Иманның күші – сөзде емес, амал мен мінезде. Егер адам бойындағы ашу, күншілдік, өркөкіректік сияқты жаман қасиеттерден арылып, сабыр мен кешірімге бет бұрса – ол нағыз діндарлықтың дәмін татады,- деп, қысқаша тоқтала кетті.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі


18 Қараша 2025
27 Джумада-авваль 1447

