Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Сабырханов Үмбет жұма намаздан кейін жамағатқа пәтуа сағатын өтті. Пәтуа сағатында аңшылықтың үкімі тақырыбын қозғады. Үмбет имам кеңінен түсіндіре келе соңында мынадай шешімін айтты.
- Аңшы аң аулау немесе оқ атар алдында «Бисмиллә» сөзін айтуы тиіс. «Бимиллә» сөзін әдейі айтпаса, ол аң адал емес.
- Аң пайдалану үшін емес, ермек үшін ауланса, макруһ таһрими болып саналады.
- Аң аулаушы кісі мұсылман не әһлі-кітап иесі болу керек. Діннен шыққан, пұтқа не отқа табынатын және атеист адамның аулаған аңын жеуге болмайды.
- Аң аулауға арналған қару өткір, жарақаттайтын болу керек. Қарудың жарақаттап кесуінен аң өлсе, адал, ал соққыдан өлсе, арам саналады.
- Шариғат тұрғысынан рұқсат етілген аңдарды аулауға заңмен тыйым салса, басшыға бағыну – уәжіп.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі


18 Қараша 2025
27 Джумада-авваль 1447

