Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылдық «Таңат ата» мешітінің имамы Ерғали Омаров ауыл кітапханасында жастармен семинар өткізді. «Жастар – руханият шамшырағы» атты тақырыпта өткен семинарға 10 шақты жастар мен кітапхана қызметшілері қатысып, рухани насихат тыңдады.
Жиын барысында жастардың рухани тәрбиесі, көркем мінез қалыптастыру, қоғам алдындағы жауапкершілік, білім алудың маңызы және дәстүрлі дін құндылықтары туралы тағылымды насихат айтылды. Сонымен қатар жастармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Семинар жас буынды рухани тұрғыда қолдау, тәрбиелік бағыттағы жұмысты нығайту және жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі


18 Қараша 2025
27 Джумада-авваль 1447

