Шоқпар ауылында әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында жүрекке жылы тиер қайырымдылық шарасы өтті. Ауыл әкімшілігімен бірлесе ұйымдастырылған бұл игі бастама жергілікті тұрғындардың тұрмысын жеңілдетуге бағытталды.
Шара аясында 15 отбасыға жалпы көлемі 50 тонна көмір жеткізіліп, қысқы суықта алаңсыз от жағуына жағдай жасалды. Мұндай ауқымды көмектің жүзеге асуына демеушілік танытқан — «Жамбыл Минералс» ЖШС компаниясы. Жобаға бөлінген қаражат көлемі 1 625 000 теңгені құрап, ауылдағы әлеуметтік қолдаудың маңызын айқын көрсетті.
Тұрғындар бұл қамқорлықты ерекше ризашылықпен қабылдап, ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыс айтты. Осындай шаралар ауылдағы ынтымақ пен бірлікті нығайтып, қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттыра түсетіні сөзсіз.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



18 Қараша 2025
27 Джумада-авваль 1447

