#Шу: «Күнту баба» мешітінде әйел жамағаты арналған семинар өтті

#Шу: «Күнту баба» мешітінде әйел жамағаты арналған семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаңа жол ауылындағы «Күнту баба» мешітінде әйелдер мен қыз-келіншектерге арналған «Бүгінгі келін, ертеңгі ене» атты тағылымдық семинар ұйымдастырылды. Шара барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасылық сыйластық пен тәрбие мәселелері кеңінен сөз болды.

Жиынға ауылдың ақжаулықты аналары мен әжелері қатысып, өзара пікір алмасып, тәлімдік кеңестер тыңдады. Іс-шара құрметіне бір бас қой сойылып, дастархан жайылып, астан дәм татты.

Бұл семинар көпшіліктің жоғары бағасына ие болып, ауылдағы тәрбиелік жұмыстың маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: