ЖАМБЫЛ: ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫ

ЖАМБЫЛ: ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Гродиково ауылы "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев мешітке жиналған жастарға діни сауаттылықтарын арттыруға үгіттеді. Діни сауаттылық деңгейін көтеру екі дүниенің бақытына қол жеткізуге кепілдік болады деп насихаттады. 

"Діни сауатсыздық – теріс ағымдарға еру, діни мәтіндерді бұрмалап түсіну, қоғамнан оқшаулану сияқты қауіптерге әкеледі. Бұл өз кезегінде отбасы, қоғам және мемлекет тұрақтылығына кері әсерін тигізеді. Осы себепті елімізде діни білім беру, түсіндіру, алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізілуде.

Діни сауатты адам өз сенімін шынайы негізде қалыптастырып, радикалды және деструктивті ағымдардың жетегіне ермейді. Діни сауаттылық –   бұл тек діни білім алу ғана емес, сонымен қатар адамның рухани және моральдық дамуының негізі" деп түсіндірді ұстаз.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: