#Т.РЫСҚҰЛОВ: РАНТ МҮШЕСІ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: РАНТ МҮШЕСІ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінде Байзақ ауданының бас имамы, РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұл жұма уағызын жүргізді. «Исламда жастар тәрбиесі» тақырыбында болған уағыз-насихатқа 500 ге жуық жамағат қатысып, рухани азық алды.

РАНТ мүшесі уағызында: «Жастық шақ – адам ғұмырының ең асыл, ең ардақты кезеңі. Бұл жүректің жалынға толы, ойдың өткір, рухтың сергек, арманның биік уақыты. Жастық шақ – өмірдің көктемі. Көктемде егілген дән ғана  күзде өнімін береді.

Сол себепті ислам тәрбиесі де жас буынды рухани кемелдікке бастайтын уақыт ретінде қарастырады. Жастар – ұлттың болашағы, елдің ертеңі. Сондықтан оларды имандылыққа, руханиятқа тәрбиелеу әр қоғамның ең басты міндеті.

Имандылық – адам бойындағы ізгілік пен әділдік, ар мен намыстың, сабыр мен қайырымдылықтың бастауы. Жастарға қамқор болу, олардың жүрегіне иман нұрын ұялату – ізгілердің жолы, салиқалы жандардың бағыты. Сол себепті де ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетін әрдайым жастарды дұрыс бағытқа бастауға шақырған. Себебі иманды жас – елдің тірегі, салиқалы, дұрыс қоғамның негізі. Ал тәрбиесіз, рухани құндылықтан ада ұрпақ – қоғамның әлсіреуіне бастайтын ең үлкен қауіп,- деп, кеңінен баяндап өтті.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: