«Жүніс молда» мешітінің имамы Қасымалиев Дастанның және жамағаттың ұйымдастыруымен елді мекеннің ортақ игілігіне бағытталған іс-шара өтті. Күнделікті қатынасқа қолайсыздық тудырып жүрген жолдың белгілі бір бөлігіндегі шұңқырлар жамағат күшімен тегістеліп, қалыпқа келтірілді.
Игі іске мешіт имамдары, жамағат және ерікті азаматтар атсалысты. Олар қажетті құрал-жабдықтарын алып, шұңқырларды толтырып, жолдың тегіс әрі қауіпсіз болуына өз үлестерін қосты. Бұл шараның басты мақсаты – мешітке келуші жамағатқа қолайлы жағдай жасау және қоғамға пайдалы амалдарды насихаттау.
Жол жөндеу жұмыстары Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Жолдағы зиянды нәрсені алып тастау — садақа» деген хадисімен үндеседі. Мешіт жамағаты осы өнегелі амал арқылы елге қызмет етудің исламдағы орны мен маңызын іс жүзінде көрсетті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



21 Маусым 2026
5 Мухаррам 1448

