Жамбыл облысы Байзақ ауданы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Исламдағы әйел әдебі» атты әйел жамағатына арналған семинар өтті.
Игі шараға ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша әйел-қыздар сектор меңгерушісі Иманалиева Жазира, Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Үсенова Зейнеп және Жамбыл аудандық «Бәйдібек баба» мешітінің ұстазы Бекназарова Жайна арнайы спикер ретінде қатысты.
Семинар барысында әйелдердің қоғамдағы рөлі, рухани және отбасы құндылықтары секілді ауқымды тақырыптар қозғалып, қатысушылар терең біліммен сусындап қайтты. Бұл іс-шара әйел жамағатының діни және рухани сауатын арттыруға, имани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Осындай игі жиындар алдағы уақытта да жалғасын табады. Алла Тағала барша қатысушыларға берекелі білім нәсіп етсін!



16 Қараша 2025
25 Джумада-авваль 1447

