Тараз қаласындағы Әзрет Әли мешітінде жамағатқа арналған фиқһ ілімінен (ислам құқықтануынан) танымдық дәріс өткізілді.
Дәрісті мешіттің имамы жүргізіп , қатысушыларға мұсылманның күнделікті өмірінде фиқһ ілімінің маңызы, оның дін негіздеріндегі рөлі және шариғат талаптарын дұрыс орындаудың әдебі жайлы түсіндірді.
Сабақ барысында намаз, ораза, зекет секілді негізгі ғибадат түрлеріне қатысты жиі кездесетін мәселелер талқыланып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға кеңінен жауап берілді.
Имам өз сөзінде: “Фиқһ - мұсылман өмірін тәртіпке келтіретін ілім. Әрбір мұсылман өз амалын біліммен орындаса, ол - қабыл болатын құлшылықтың кепілі,” - деп атап өтті.
Дәріс соңында жамағат бұл ілімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсініп, осындай сабақтардың жиі өткізіліп тұруының қажеттігін айтты.
Мешіт ұжымы алдағы уақытта да фиқһ, ақида және хадис ілімдерінен тұрақты түрде дәрістер өткізіп, жамағаттың діни сауатын арттыруды жоспарлап отыр.



16 Қараша 2025
25 Джумада-авваль 1447

