ҚМДБ Жастар ісі секторы Жамбыл облысы Байзақ аудандық өкілдігінің ұйымдастыруымен нәзік жандылар арасында «ДІн мен дәстүр – халық қазынасы» аудандық интеллектуалды білім сайысы өтті.
Аудандық «Байзақ баба» мешітінде өткен сайыста ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы арнайы қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі.
Зияткерлік додада ауданға қарасты екі мешіттің шәкірттерінен құралған «Жәннәт», «Фирдаус», «Ясин», «Райян» және «Кәусар» атауларымен 5 топ қатысып, жалпы таңыстыру, бата беру, дода, және Қазақстан тарихы мен дін мен дәстүр кітаптарының I II III том негіздерінде салт-дәстүрге қатысты сұрақтардан тұратын 5 кезең бойынша сынға түсті.
Сайысты Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің ұстазы Кушербаева Жанат жүргізіп, білім додасының шарттарымен таңыстырды.
Интеллектуалдық сайысқа төрелік жасаған әділ қазылар алқасында Жамбыл облыстық әйел – қыздар секторының меңгерушісі Иманалиева Жазира, «Кеңесхан қажы» мешітнің ұстазы Үсенова Зейнеп және Жамбыл аудандық «Бәйдібек баба» мешітінің үстазы Бекназарова Жәйна әр топтың білімдеріне сай бағалады.
Сайыс нәтижесінде:
І-орын – «Фирдаус» (20 000 тг);
ІІ-орын – «Ясин» (16 000 тг);
ІІІ-орын – «Жәннәт» (12 000 тг)
Жарысқа қатысып орын алған топтарға алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар табысталды.



16 Қараша 2025
25 Джумада-авваль 1447

