Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің имамдары мен жастары табиғат аясына серуенге шықты. Жастар арасындағы бірлік, ынтымақ пен ауызбіршілікті арттыру мақсатын көздеген басқосу Сарыкемер ауылы сыртындағы Талас жағасында өтті.
Аталмыш шараның мақсаты – мешіт жамағатының ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Табиғат аясында өткізілген шара барысында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, женімпаздарға ақшлай сыйлық берілді және жастарға ақ дастарқан жайылды. Сондай-ақ, жиналған жұртшылыққа аудан бас имамы Қанат Әділханұлы «Тәубе» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
«Жамағаттың ауызбіршілігін арттыру мақсатында мешіт тарапынан игі шараларды көптеп ұйымдастырып келеміз. Бүгінгі басқосуымыз да соның бір жарқын дәлелі. Алла Тағала мұсылмандардың берекесі мен бірлігін арттырсын» деп «Диқан» мешітінің имамы Алашбаев Досмырза игі шараны ұйымдастырған және қолдау көрсетке мешіт ұжымы мен жастарға алғысын айтты.



16 Қараша 2025
25 Джумада-авваль 1447

