Тараз қаласында қала имамдарына арналған қажылық семинары өтті. Семинарды Жамбыл облысы бойынша қажылық өкілі Ержан Аманбаев өткізді.
Жиын барысында Ержан Аманбаев қажылық маусымына дайындық, қажыларды ақпараттандыру және сапар барысында сақталуы тиіс тәртіптер жайында кеңінен түсіндіріп өтті. Сондай - ақ , ол имамдарға “Тауаф Трэвел” компаниясының қызметін таныстырып, аталмыш компанияның қажыларға көрсететін сапалы қызметтері мен жеңілдіктерін егжей - тегжейлі баяндады.
Өкілдің айтуынша, “ Тауаф Трэвел ” қажылық компаниясы еліміздің дін істері басқармасымен бірлесіп жұмыс істейтін ресми мекеме болып табылады және қажылардың қауіпсіздігі мен ыңғайлы сапарын қамтамасыз етуге басымдық береді.
Ержан Аманбаев өз сөзінде: “Қажылық - мұсылманның өміріндегі ең маңызды сапарлардың бірі. Сондықтан имамдар жамағатқа дұрыс әрі сенімді ақпарат жеткізіп , олардың рухани дайындықтарын арттыруға атсалысуы қажет,” - деп атап өтті.
Семинар соңында имамдар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, қажылық рәсімдерінің шариғи шарттары мен ұйымдастыру мәселелері жан - жақты талқыланды. Шара діни қызметкерлердің білімін арттыруға және жамағатқа қажылық турасында дұрыс бағыт - бағдар беруге үлкен серпін берді.



16 Қараша 2025
25 Джумада-авваль 1447

