Тараз: Һибатулла Тарази медресесіне имамдар тарапынан ұшыр берілді

Тараз: Һибатулла Тарази медресесіне имамдар тарапынан ұшыр берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Тараз қаласындағы Һибатулла Тарази медресесіне өңір мешіттерінің имамдары тарапынан ұшыр ( яғни , ауыл шаруашылық өнімдерінің зекеті ) берілді. Бұл игі іс - дін қызметкерлерінің білім ордаларына деген қамқорлығы мен қолдауының айқын көрінісі болды.

   Имамдар медресе шәкірттерінің діни білім алуына , оқу орнының тұрмыс  -тіршілігіне қолдау білдіру мақсатында ауылшаруашылық өнімдері мен азық - түлік түрінде ұшыр тапсырып , сауапты іске атсалысты.

   Медресе ұжымы өз кезегінде имамдарға ризашылығын білдіріп , бұл амалдың садақа және зекет істерінің қоғамдағы рухани маңызын арттыратынын атап өтті.

   Медресе директоры өз сөзінде : “ Ұшыр беру - Исламдағы сауапты амалдардың бірі. Бұл - бір жағынан мұқтажға көмек , екінші жағынан діни білімнің дамуына қосылған үлес. Осындай қолдаулар шәкірттердің сапалы білім алуына мүмкіндік береді  ,” - деп атап өтті.

   Шара соңында имамдар мен шәкірттер бірге дұға жасап , елімізге амандық , береке және игілік тіледі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: