Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Қиямет күні Алланың ешбір құлы өмірін қалай өткізгендігі, жастық шағын немен өткізгендігі, дүние-мүлкін қандай жолмен тауып, қайда жұмсағандығы және алған білімімен не істегендігі жайлы есепке тартылмайынша, орнынан тапжылмайды» – деген.
Осы хадистің мәніне сай, мұсылмандар үшін білім алу парыз болғандықтан, Қордай ауданында жамағат арасында аудандық «Қордай» мешіті наиб имамы Жанұзақ Рысбекұлы «Ақида» және «Сира» (Пайғамбар өмірбаяны) сабақтарынан дәрістері бастады.
Бұл игі бастама – жамағаттың діни сауатын арттыруға, иман мен амалдың беріктігін нығайтуға бағытталған. Өйткені ақылды, білімді және иманды мұсылман – әлсіз мұсылманнан күштірек әрі қоғамға пайдалырақ. Баршамызға Алла Тағала екі дүниеде де пайдасы тиетін ілім нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



16 Қараша 2025
25 Джумада-авваль 1447

