#Мойынқұм: Жамбыл ауылындағы «Жексенбай ата» мешітінде уақып жайы түсіндірілді

#Мойынқұм: Жамбыл ауылындағы «Жексенбай ата» мешітінде уақып жайы түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауылындағы «Жексенбай ата» мешітінің имамы Ұзақбай Бадықов жамағатпен кездесу өткізіп, уақып туралы тағылымды әңгіме жүргізді.

Имам дәріс барысында уақыптың ислам өркениетіндегі орны мен маңызына тоқталып, оның қоғамдағы әлеуметтік, рухани және мәдени рөлін түсіндірді.

«Уақып – елдің игілігі үшін жасалатын мәңгілік сауап амалы. Ол – мұсылманның қоғам алдындағы жауапкершілігін көрсетеді» – деді дін қызметкері.

Жамағат кездесуден көп мәлімет алып, уақып істерін жандандырудың бүгінгі қоғам үшін де өзекті екендігін атап өтті.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: