Мойынқұм ауданының "Мойынқұм" мешітінің бас имамы Ержан Көшкімбай ауыл имамдарымен кездесіп, «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» тақырыбында насихаттық жиын өткізді.
Бас имам өз сөзінде халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі ислам құндылықтарымен астасып жатқанын атап өтіп, дін мен дәстүрдің үндестігі қоғамның рухани тұрақтылығына негіз болатынын айтты.
Кездесу барысында ауыл имамдары тәжірибе алмасып, жамағат арасында ұлттық болмысты сақтай отырып, дін қағидаттарын дәріптеу жолдарын талқылады.
Бұл басқосу – рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтарды ұштастыру бағытындағы маңызды қадам болды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



14 Қараша 2025
23 Джумада-авваль 1447

