Қордай: «Нұр Ислам» мешітінде айлық дастарқан жайылды

Қордай: «Нұр Ислам» мешітінде айлық дастарқан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Кімде-кім жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйса, сол адам жер бетіндегі Алланың, Кітабының және Расулының халифасы», – деген. Осы ұлағатты хадиске сүйене отырып, Қордай ауданының Барыс мөлтек ауданында орналасқан «Нұр Ислам» мешітінде ай сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын айлық дастарқан жайылды.

Қазақ халқы ежелден қонақжайлық пен кеңпейілдікті жоғары бағалаған. Мешіт ұжымы мен жомарт жандардың бастамасымен жайылған бұл дастархан – ынтымақ пен бірліктің, сауап пен игіліктің айғағы болды. Барша жамағаттың ізгі амалдары мен садақалары қабыл болғай!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: