#Мойынқұм: Көкжелек ауылында уақып туралы насихат жүргізілді

#Мойынқұм: Көкжелек ауылында уақып туралы насихат жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көкжелек ауылындағы «Шопан ата» мешітінің имамы Бақытжан Мадыханов жамағатпен жүздесіп, уақыптың мәні мен қоғамдағы маңызы жөнінде тағылымды уағыз айтты.

Имам өз сөзінде уақыптың – мұсылман қоғамындағы ең сауапты істердің бірі екенін, оның басты мақсаты – халыққа, елге пайдасы тиетін игілікті шараларды қолдау екенін атап өтті. Сондай-ақ, тарихта уақып арқылы білім ордалары, мешіттер мен қайырымдылық орындары жұмыс істегенін мысалға келтірді.

Жиналған жамағат уақыптың мәнін терең ұғынып, игі істерге үлес қосуға ниет білдірді.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: