#Мойынқұм: Қылышбай ауылында уақып жайында түсіндіру жұмыстары өтті

#Мойынқұм: Қылышбай ауылында уақып жайында түсіндіру жұмыстары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қылышбай ауылындағы «Рәтқұл ата» мешітінің имамы Алихан Жайлаубеков жамағатпен кездесу өткізіп, уақыптың маңызы мен мазмұны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Имам өз сөзінде уақыптың – мұсылман қоғамында қайырымдылық пен тұрақты сауапқа жетелейтін игі амал екенін атап өтті.

«Уақып – адам өміріндегі ізгіліктің белгісі. Бұл амал арқылы мұсылман өз еңбегі мен мүлкін Алла жолына арнап, ұрпаққа өнеге қалдырады», – деді дін саласының маманы.

Кездесу барысында жамағат уақып тақырыбында сұрақтар қойып, ауыл деңгейінде игі істерді жандандырудың жолдарын талқылады.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: