Жуалы ауданы, Қызыларық ауылдық «Қызыларық» мешітіне аудан имамы арнайы барды. Ауданының бас имамы Тұрдыбайұлы Есет және Жамбыл облысы әкімдігінің «Діни проблемаларын зерттеу орталығы КММ»-нің Жуалы ауданыбойынша инспекторы Маратбекұлы Рамазан, Қызыларық ауылдық округінің ауыл әкімі Марат Сайлауұлы Қасымбеков мешіттің тыныс тіршілігін көрді.
Зерделеу барысында Есет Тұрдыбайұлы мешіт бейнебақылау камерасы, мешіттің жылу жүйесі жұмысын көріп, жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтауды айтып өтті. ҚМДБ бекіткен кітаптар тізбегі сараланды. Мешіт айналасы тазалығын қадағалауды ауыл молдасына тапсырды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



04 Қараша 2025
13 Джумада-авваль 1447

