Тәтті ауылының мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындары ауылды көркейту және экологиялық тазалықты сақтау мақсатында жол жағасына 50 түп тал отырғызды. Игі іске мешіт имамы мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, талдардың түптеліп, суарылуына ерекше көңіл бөлді.
Бұл шараның мақсаты – ауылды жасыл желекке айналдыру, тұрғындардың табиғатты қорғау мәдениетін арттыру және келер ұрпаққа көрікті орта қалдыру. Ауыл жамағатының бірлігі мен ұйымшылдығының арқасында бастама сәтті жүзеге асты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі
 


                                    04 Қараша 2025
                                    13 Джумада-авваль 1447

