Тәтті ауылдық мешітінің имамы Көпбосынов Асхат жиналған жамағатқа Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір – тарихынан тағылымды насихат айтты.
Насихат барысында имам жамағатты Алла Елшісінің (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көркем мінезі мен өнегелі өмірінен үлгі алуға, күнделікті өмірде сүннетті ұстануға шақырды.
Алла Елшісінің (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сирасын оқу – жүрекке тыныштық сыйлап, иманды күшейтеді.
Алла Тағала баршамызға Алла Елшісінің (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетімен өмір сүруді нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


                                    04 Қараша 2025
                                    13 Джумада-авваль 1447

