Беларық ауылының мешіт жамағаты және ауыл тұрғындары табиғатты қорғау және ауылдың көркеюіне үлес қосу мақсатында 10 000 түп тал егу бастамасын қолға алды. Игі іске ауылдың имамы мен ерікті жамағат мүшелері бірлесе атсалысып, әрбір талдың күтіміне ерекше мән беруде.
Бұл шара – қоршаған ортаны көгалдандырумен қатар, қоғамда жауапкершілік пен бірлік сезімін арттыруды көздейді. Ауыл тұрғындары мен жастар белсенді түрде қатысып, өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін нақты іспен көрсетуде.
Мешіт ұжымы мұндай игі амалдардың жыл сайын дәстүрге айналуына ниетті. «Бір тал ексең – бір сауап» қағидасын ұстанған жамағат бұл істің сауапты әрі пайдалы екенін атап өтуде.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



04 Қараша 2025
13 Джумада-авваль 1447

