Ақермен ауылы «Ғаббас» мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсында білім алып жүрген шәкірттер арасында Құран жарысы өтті.
Жарыстың мақсаты – шәкірттердің Құранға деген сүйіспеншілігін арттыру, дұрыс оқу машығын қалыптастыру және ынталандыру болды. Сайыс барысында қатысушылар Құранды мәнерлеп оқу, тәжуид ережелерін сақтау және жаттау деңгейі бойынша сынға түсті.
Жарыс соңында үздік шәкірттер марапатталып, қатысушыларға Құран кітабы табысталды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



04 Қараша 2025
13 Джумада-авваль 1447

