Ауданның бас имамы Азамат Берікұлы жуырда жаңа үйге қоныстанған отбасын зиярат етіп, қуаныштарымен құттықтады. Зиярат барысында имам отбасы мүшелеріне ақ батасын беріп, жаңа шаңырақтарына береке, бірлік және мол ырыс тіледі.
Қуаныш иелерін қолдау мақсатында бас имам мешіт атынан кілем және қаржылай сыйақы табыстады. Бұл — дін мен дәстүрді ұштастыра отырып, бауырмалдық пен мейірімділікті дәріптейтін игі бастама болды.
Отбасы мүшелері көрсетілген құрмет пен қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, бас имамға және мешіт ұжымына алғыстарын жеткізді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


                                    04 Қараша 2025
                                    13 Джумада-авваль 1447

