Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің ұстазы Клара Диханбайқызының ұйымдастыруымен үш рет Құран хатым жасалды. Шағын құраммен кездесу өткізген әйел жамағатының ұстазы Клара Диханбайқызы Құран Кәрімді оқудың артықшылықтары мен сауабы жайлы айтты. Шара соңында қыздар жамағатымен арнайы дастарқан жайды.
Дастархан басында Клара Диханбайқызы «Дін мен дәстүр» кітабы бойынша «Қарапайымдылық» тақырыбында және Сира сабағынан «Шұғара» сүресінің тәпсірі уағыз насихаттар айтып, сұрақтарға жауап берілді.
Құран дәрістерінің тұрақты шәкірттері болып жүрген ақ жаулықты апа-әжелер жастарға тілектерін білдіріп, болашақ отаналарға батасын берді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

