Тараз қаласындағы Кеңесхан Қажы мешітінде қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту мақсатында ерекше іс - шара өтті. Мешіттің имамы Ахметов Айнабектің бастамасымен және ықпалымен елдің ынтымағы мен берекесін символдайтын ел шыршасы отырғызылды.
Бұл шара мешіт ұжымы мен жамағатының және жергілікті тұрғындардың белсенді қатысуымен жүзеге асты. Ел шыршасын отырғызуға қажетті қаржы көлемі 207 550 теңге болып, мешіт жамағаты мен қайырымды азаматтардың қолдауымен жиналды.
Имам Ахметов Айнабектің айтуынша, ел шыршасы - тек табиғи өсімдік емес, ол қоғамдағы мейірімділік пен жақсылықтың, татулық пен ынтымақтың көрінісі. Осы бастама арқылы мешіт ұжымы мен жамағат ортақ мүдде үшін бірігіп, елдің рухани бірлігін нығайтуға үлес қосты.
Имамның сөзінше, осындай игі істер жастарға үлгі болып, олардың жүрегінде елге деген құрмет пен мейірімділік сезімін оятады. Ел шыршасы - бұл тек көркем безендіру емес, ол адамдардың арасында достық пен бауырмалдықты арттыратын символ.
Шара барысында мешіт ұжымы алдағы уақытта да осындай әлеуметтік және рухани маңызы зор іс - шараларды ұйымдастыруды жалғастыратынын жеткізді.
Тараз қаласы Кеңесхан Қажы мешітінің имамы Ахметов Айнабектің басшылығымен қолға алынған бұл шара қоғамдағы татулық пен мейірімділікті арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

