Мереке мемлекеттік Әнұранмен басталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде енгізілді. Іс-шараның алғы сөзі аудан әкімі Жалғас Мұртазаға беріліп, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, бірқатар сала қызметкерлерін мерекелік марапаттармен салтанатты түрде марапаттады.
Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Зиядхан Бүрлібаев та өз атынан құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар қызметкерлерге марапаттар табыстады. Осы атаулы мерекелік шараға аудан бас имамы Есет Тұрдыбайұлы мен ауыл имамдары да қатысты. Шара соңы елдік пен бірлікті ұлықтаған мерекелік концертке ұласты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

