Тараз қаласындағы Айсұлу ана мешітінде қарттар күніне арналған ерекше рухани шара өтті. Мешіттің жастар жамағаты қарттар жамағатын құрметтеп, оларға ізгілік пен қамқорлықтың үлгісін көрсетті. Осыған орай жастар қарттар үшін арнайы дастархан жайып, оларды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Бұл шараның негізгі мақсаты - ұрпақтар арасындағы құрмет пен қамқорлықты арттыру, қарттардың даналығы мен өмір тәжірибесін бағалау және олардың қоғамдағы орны мен маңыздылығын көрсету болды. Қарттар - қоғамның асыл қазынасы, ал жастардың оларға деген құрметі ұлттың мәдени және рухани дәстүрлерінің жалғасуына негіз болады.
Айсұлу ана мешітінің жастар жамағаты өздерінің бұл ісімен қарттарға деген құрмет пен шынайы ниетін паш етіп, олардың жүрегіне жылу ұялатты. Сонымен қатар , жастар бұл шара арқылы өздерінің адамгершілік қасиеттерін шыңдап, мұсылмандық құндылықтарды бойларына сіңірді.
Мешіттің имамы және жамағаты жастардың мұндай ізгі бастамасын жоғары бағалап, оларды осындай игі істерді жалғастыруға шақырды. Қарттар күніне арналған бұл іс - шара мешіт ұжымы мен жамағатының ынтымақтастығы мен бірлігінің жарқын көрінісі болды.
Бұл шара жастар мен қарттар арасындағы байланысты нығайтып, ұрпақтар арасындағы түсіністік пен сыйластықты арттырады. Сондай - ақ, қоғамдағы имандылық пен ізгілік атмосферасын қалыптастыруға септігін тигізеді.



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

