Тараз қаласындағы Танты баба мешіті жамағатқа және қала тұрғындарына арналған қайырымдылық шарасын өткізді. Мешіт ұжымы мен жомарт азаматтардың қолдауымен ұйымдастырылған игі іс аясында 150 адамға палау тағамы таратылды.
Шараның басты мақсаты - қоғамда мейірімділік пен бауырмалдықты нығайту, сондай - ақ мұқтаж жандар мен мешітке келушілерге көңіл бөлу. Іс - шара мешіт ауласында өткізіліп, келген жамағат пен қала тұрғындары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Мешіт имамы өз сөзінде: « Жақсылық пен қайырымдылық - мұсылманның басты қасиеті. Біз әр жұма сайын осындай дастарқан жаюды дәстүрге айналдырып отырмыз. Мұндағы мақсат - жамағатты біріктіру, алғыс пен ризашылықтың рухын қалыптастыру», - деді.
Айта кету керек, Танты баба мешіті бұл игі дәстүрді әр жұма сайын жалғастырып келеді. Жұма намазынан кейін мешіт ауласында келушілерге тегін палау таратылып, жамағатқа жылы лебіздер айтылады.
Мешіт ұжымы мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да үздіксіз жалғасын табатынын және қала тұрғындарына рухани әрі материалдық қолдау көрсетуге әрдайым дайын екенін атап өтті.



05 Ноябрь 2025
14 Джумада-авваль 1447

