Кез келген адам жеке өзі немесе көпшілікпен бірлесе отырып, дене саулығын арттыру мақсатында түрлі ойын түрлеріне қатысқаны жөн. Дініміз Ислам да мұндай пайдалы істерге рұқсат етеді әрі оған көңіл бөлуге шақырады.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылында «Республика күніне» орай мемлекеттік мекемелер арасында алты топтың қатысуымен футболдан жарыс өтті.
Бұл сайысқа ауданның имамдары да қатысты. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, алғыс хаттар мен түрлі бағалы сыйлықтарға ие болды. Салауатты өмір салтын ұстанған, сауатты да қуатты мүміндерден болуды Алла баршамызға нәсіп етсін! Әмин.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

