Қоғамның ілгері дамуы, ел жастарының табанды, жан-жақты және рухани кемел болуы – тәрбиемен тығыз байланысты. Дұрыс тәлім-тәрбие – ұлт құндылығы, ол халықтың әдебіне, мінез-құлқына тікелей әсер етеді. Ал мінез бен тәрбиенің өзегі – дін.
Дін – қай қоғамда да адам өмірінің маңызды бөлігі. Әртүрлі дін өкілдері арасындағы ауызбіршілік пен татулықты, бейбітшілік пен теңдікті сақтау – қоғамның тұрақтылығының кепілі. Осы мақсатта өткен дүнген ұлтты имамдармен кездесуде бейбітшілік, ынтымақ және бірлік тақырыптары кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында аудан әкімдігінің дін істері бөлімінің басшысы Қабылтай Таңат дін қызметкерлері мен қонақтарды таныстырып өтті. Іссапардың мақсаты – еліміздегі қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету бағытында тәжірибе алмасу және діни сала мамандарына әдістемелік көмек көрсету. Бұл игі кездесудің дін қызметкерлеріне берер пайдасы мол боларына сенеміз!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

