Қордай: Масанчи және Сортөбе ауылдары имамдарымен семинар өтті

Қордай: Масанчи және Сортөбе ауылдары имамдарымен семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Алладан дүние және ақыретте тыныштық пен амандықта болуды сұраңдар. Егер дүние және ақыретте бірлік пен қауіпсіздік берілсе, құтыласыңдар», – деген.

Осы хадис негізінде өткен кездесуде аймақ басшысы Әнебеков Жанұзақ дүнген ұлтты имамдармен бірлік, ынтымақ және қазақ тілінің маңыздылығы туралы мазмұнды семинар өткізді. Іс-шара барысында Қазақстанның көп ұлтты мемлекет екені, түрлі этностардың бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруінің маңызы атап өтілді.

Сонымен қатар, ел тәуелсіздігі мен қоғамдық тұрақтылық – Алланың үлкен нығметі екені түсіндіріліп, әрбір азамат осы бірлікті сақтау жолында өз үлесін қосуы керектігі айтылды. Алла Тағала баршамызды тыныштық пен татулықтың қадірін ұғып, ел бірлігі жолында еңбек етушілерден етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: