Қазақ атамыз: «Тілсіз халық – қанатсыз құспен тең» деген. Ана тілі – әр адамның өзіне қажет қазына болса, мемлекеттік тіл – барша халыққа ортақ құндылық. Осы орайда, өзге ұлт өкілдерінің тұрып жатқан елдің тілін үйренуі – мәдени құрмет пен жан-жақтылықтың көрінісі.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылдық округіндегі мешіт имамдарынан құралған қазақ тілі курсының тыңдаушыларына «Тілашар» бағдарламасы бойынша арнайы анықтамалар табысталды. Бұл бастама – ел бірлігі мен тіл үйрену мәдениетін арттыруға бағытталған игі қадам. Баршамыздың ниетіміз қабыл, істеріміз баянды болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

