Абай хәкім: «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» – дегендей, тұлғаның қалыптасуында ұстаздың орны ерекше. Ұстаз – ілім мен тәрбие дәнін себуші, рухани бағыт беруші тұлға.
Тарихқа көз жүгіртсек, Абылай хан – Төле биді, Шәкәрім – Абайды, Жамбыл – Сүйінбайды өзіне ұстаз тұтқан. Осы игі дәстүр жалғасын тауып, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылының «Сахаба» мешітінде арнайы шақыртумен келген Шу ауданы әйел-қыздар секторының басшысы Сауле Нұрсұлтанқызына құрмет көрсетілді.
Жиында ұстаз жамағатқа насихат айтып, Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өмірінен ғибрат алу, Құран мен сүннетті басшылыққа алудың маңызы туралы әсерлі ойларымен бөлісті. Сүннетті тірілтіп, амал етуші құлдардан болуды Алла нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



08 Қараша 2025
17 Джумада-авваль 1447

