#Шу: «Жиенбет Жексенбай» мешітінде — рухани тазалыққа шақырған игі басқосу

#Шу: «Жиенбет Жексенбай» мешітінде — рухани тазалыққа шақырған игі басқосу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына қарасты «Жиенбет Жексенбай» мешітінде ел жүрегіне жылылық ұялатқан ерекше жиын өтті. Мешіттің имамы Бердібеков Шүкірәлі бастаған ұжым нашақорлық сияқты ғасыр дертіне қарсы рухани үндеу жариялап, ақсақалдар, аналар мен жасөспірімдер бас қосқан тағылымды семинар өткізді.

«Дінімізде харам, дәстүрімізде де лағынеттелген — ең жаман әдеттердің бірі нашақорлық. Бұл — тек тәнді емес, рухты да улайтын кесел. Сондықтан оның алдын алу – бәріміздің ортақ борышымыз», — деді имам өз сөзінде.

Ол сондай-ақ халқымыздың ұлт болып ұйысуына себеп болған рухани тамырды еске алып,

«Бабаларымыз қандай қилы замандарды бастан өткерсе де, тәубесін де, шүкірін де, зікірін де тастаған жоқ. Бәлкім, біз бүгінгі амандығымызды солардың дұғасының арқасында көріп отырмыз», — деді толғана.

Семинар барысында жастарды тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, ата-анаға ізет көрсету тақырыптары кеңінен қозғалды. Қатысушылар бір ауыздан:

«Алдыңғы буын өнеге көрсете білсе, кейінгі толқын соны көріп өспек. Саналы ұрпақ — қоғамның айнасы. Ақылмен өскен, ізгілікпен тәрбиеленген бала ғана нашақорлық пен лудомания сияқты лас істерден алыс жүреді», — деген ортақ шешімге келді.

Имамның айтуынша, бүгінгі таңда зиянды әдеттерге көбіне іспен айналыспай, ерігіп жүрген жастар бейім келеді. Сол себепті дана халқымыздың «Балаңды аясаң – аямай тәрбиеле» деген сөзі мәңгілік өміршең.

«Балаңыздың сабағынан бөлек, үй шаруасында, не кәсіпте жауапкершілігі болсын. Ерте еңбекке араласқан бала – өмірдің мәнін түсінеді», — деді ол.

Жиын соңында ұйымдастырушылар Баян мен Меруерт апайларға, мектеп басшылығына және Мақашева Ғалия ханымға шынайы ризашылық білдірді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: