#Шу: «Адал еңбек — рухани байлықтың негізі»: мешітте өткен тағылымды кездесу

#Шу: «Адал еңбек — рухани байлықтың негізі»: мешітте өткен тағылымды кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мемлекет басшысының бастамасымен «Еңбек адамының» мәртебесін көтеру, маңдай термен келген табыстың қадірін ұғындыру – маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Осыған орай, «Жиенбет Жексенбай» мешітінде муфтияттың тапсырмасымен «Адал еңбек – рухани байлықтың негізі» атты семинар-кездесу ұйымдастырылды.

Шара барысында имам Бердібеков Шүкірәлі адал еңбектің — адамның рухын тазартып, қоғамды кемелдікке бастайтын басты құндылық екенін атап өтті.

«Шариғат пен салтымыз бірін-бірі толықтырып тұратын ұғымдар. Нені насихаттасаң, сол көбейеді дейді дана халқымыз. Сол себепті еңбекқорлықты дәріптеу – біздің имани міндетіміз», — деді имам.

Семинардың басты кейіпкерлері — ауылдың көпбалалы, үлгілі отбасы иелері, Марат пен Нұрханым болды. Олар өздерінің табандылығы мен маңдай тер еңбегі арқылы отбасының ғана емес, ауыл жастарының да үлгісіне айналған.

«Жаманды білмей, жақсының қадірін білмейсің», — деген аталы сөзді арқау еткен имам: Марат пен Нұрханым — адал еңбегімен бала-шағасын бағып, оқытып, тәрбиелеп отырған өнегелі жандар. Олар өз істерімен шынайы мұсылманшылықтың да, отансүйгіштіктің де үлгісін көрсетіп келеді», — деп атап өтті.

Салақтық пен еріншектік, жалқаулық пен немқұрайдылық – қоғамды азғындыққа итермелейтін дерт екенін де ерекше айтты. Ал адал еңбек, ізгі ниет, жауапкершілік – рухани байлықтың бастауы, өмірдің мәні.

«Құдайға шүкір, ауылда Марат пен Нұрханым сияқты еңбекқор, елге үлгі жандар аз емес. Солардың әрқайсысы — қоғамдағы тұрақтылықтың, берекенің, рухани байлықтың тірегі.» - дейді дін маманы.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: